Жоба туралы

Sputnik желілік ақпарат агенттігі жаһандық медианарықта 2014 жылдың 10 қарашасынан жұмыс істей бастады. Sputnik әрбір елдің өз ұлттық мүддесі, мәдениеті, тарихы мен дәстүрі бар көп полярлы әлемді көрсетеді.
Sputniк басқалар айтпағанды айтады.
Агенттік баламалы жаңалықтар контенті мен радиохабар тарату саласында өзінің бірегей орнын тапты. Sputnik желілік агенттігінің әлемнің ірі астаналарындағы әрбір бөлімшесінің өз сайты бар және жергілікті радиостанциялардың студияларынан ақпарат таратады. 2015 жылы 30 тілдегі Sputnik радиохабарының жиынтық уақыты 34 мемлекеттің 130 қаласында тәулігіне 800 сағаттан асты.
Агенттіктің мультимедиялық баспасөз орталықтары бар, сайттар үшін бірегей контент жасап, жергілікті аудитория үшін радиохабар таратады.
Радиохабар тек соңғы үлгідегі форматтарда жұмыс істейді: FM-диапазоны, DAB/DAB+ (Digital Radio Broadcasting), HD-Radio сандық форматы, сонымен қатар ұялы телефон мен ғаламтор.
Sputnik өз мультимедиялық контентін орыс, абхаз, әзербайжан, ағылшын, араб, армян, грузин, ауған, испан, қазақ, қырым-татар, қырғыз, қытай, латыш, молдаван, неміс, тәжік, поляк, португал, серб, түрік, өзбек, украин, француз, жапон тілдерінде таратады.
Sputnik брендімен ағылшын, испан, араб, қытай тілдерінде тәулік бойы жаңалықтар шығады. Жаңалықтарды үзбей шығарып отыру үшін Вашингтон, Каир, Бейжің және Монтевидеода өңірлік редакциялар 24/7 режимінде жұмыс істейді.
Sputnik фотоқызметі - бүкіл дүниежүзі бойынша жұмыс істейтін фотокорреспондент желісі.
Жаңалықтар
0