Астанадағы мектепке Рақымжан Қошқарбаев есімі берілді

© Астана қаласының әкімдігіАстанадағы №44 орта мектепке Халық қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевтың есімі берілді
Астанадағы №44 орта мектепке Халық қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевтың есімі берілді - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.05.2024
Жазылу
АЛМАТЫ, 8 мамыр - Sputnik. Астанадағы №44 орта мектепке Халық қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевтың есімі берілді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Мұндағы мақсат – келешек ұрпаққа үлгі етер тұлғалардың өмірі мен тарихын, ерлік-еңбектерін кеңінен насихаттау.
Мектепте Рақымжан Қошқарбаев атындағы алғашқы әскери патриоттық кабинет те ашылды. Мұнда батырдың өмір тарихы және марапаттарымен танысуға болады. Сондай-ақ келушілер назарына батырдың фотосуреттері қойылған.
Батыр есімін иемденген оқу ордасында бүгінде 1000-нан астам оқушы білім алады.
"Бұл – мектеп үшін үлкен мереке. Білім ордасына батырдың есімі берілгенін мақтан тұтамыз. Келешекте біздің оқушыларымыз Рақымжан Қошқарбаевтың ерліктерін жалғастыратынына кәміл сенеміз. Мектебіміздің бүгінгі миссиясы – ұлттық құндылықтар негізінде оқушыларға патриоттық тәрбие беру", - деді мектеп директоры Ләззат Құлтаева.
"Батырдың ерлігі – ел есінде..." атты мерекелік бағдарламасы аясында бастау алған іс-шарада Рақымжан Қошқарбаевқа арналған мемориалдық тақтаның ашылу салтанаты өтті.
Іс-шараға Қорғаныс министрлігі мен қалалық Білім басқармасының өкілдері, сондай-ақ педагогтер мен оқушылар қатысты.
Жаңалықтар
0