Қоғам

Лондон Олимпиадасының чемпионы Жібек жолы ауылында сабақ беріп жүр

© Sputnik / Болат ШайхиновМектеп түлектері, архивтегі фото
Мектеп түлектері, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Серік Сәпиев чемпионы ағылшын тілінде мотивациялық презентация жасап, өз жетістіктерімен бөлісті

АСТАНА, 13 қараша – Sputnik. Олимпиада ойындарының чемпионы, Мәжіліс депутаты Серік Сәпиев жоғары сынып оқушыларына ағылшын тілінен ашық сабақ өткізді.

Мұхамедиұлы Серік Сәпиев пен Қайрат Нұртасты воркаутқа шақырды - Sputnik Қазақстан
Мұхамедиұлы Серік Сәпиев пен Қайрат Нұртасты воркаутқа шақырды

Астана іргесінде орналасқан Жібек жолы ауылы мектебіндегі іс-шара "Болашақ" қауымдастығының "English for Jastar" жобасы аясында ұйымдастырылған, деп хабарлады "Астана" телеарнасы.   

Серік Сәпиевтің алғашқы ашық сабағы оқушылар үшін тосын сый болды. Олимпиада чемпионы ағылшын тілінде мотивациялық презентация жасап, өз жетістіктерімен бөлісті. Балалардың сұрақтарына жауап берді. Әрине, әйгілі спортшымен өткізген сабақтың әсері бөлек.  Жобаның негізгі мақсаты-ауылдық аймақтардағы балаларға ағылшын тілін қолжетімді ету. 

"Болашақ" түлегі Серік Сәпиев ұйымдастырушылар қай өңірге жіберсе де, баруға дайынмын",-дейді. 

 

"Мен спорт сабақтарын тұрақты беріп жатырмын. Ағылшын сабағын алғаш рет өткіздім. Шамалы қиын болды. Мүмкін тағы бір-екі сабақ өткіземін… "Болашақ" бағдарламасы қандай аймақтар таңдайды, соған барамыз", — дейді Серік Сәпиев.


Жаңалықтар
0