Негізгі ҰБТ-ға өтініш қабылдау басталды

© Sputnik / Владислав ВодневҰлттық тестілеу орталығы түлектерді қабылдауға дайындалып жатыр
Ұлттық тестілеу орталығы түлектерді қабылдауға дайындалып жатыр - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.05.2024
Жазылу
Тестілеудің өзі 16 мамырда басталып, 5 шілдеге дейін жалғасады
АСТАНА, 6 мамыр – Sputnik. 2024 жылғы негізгі ҰБТ-ға өтініш қабылдау басталды, деп хабарлады Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі.
Негізгі ҰБТ-ға өтініш 6-14 мамыр аралығында қабылданады.
"Тестілеудің өзі 16 мамырда басталып, 5 шілдеге дейін жалғасады. Дегенмен төтенше жағдай режимі жарияланған 6 өңірде (Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары) тіркелу уақыты ұзартылады және 6-20 мамыр аралығында, ҰБТ 25 мамыр мен 12 шілде аралығында өткізіледі", - делінген хабарламада.
Ғылым және жоғары білім министрлігінің шешімі бойынша 2024 жылы талапкерлер негізгі ҰБТ-ны екі рет тапсырып, ең үздік нәтижемен грант конкурсына қатыса алады.
ҰБТ-ға қатысу үшін Ұлттық тестілеу орталығының app.testcenter.kz сайты немесе UTO қосымшасы арқылы тіркелуге болады. Талапкерлер тестілеу күнін, уақытын және пунктін өздері таңдайды. Бұл ретте олар екі мүмкіндік үшін бейіндік пәндердің бір ғана комбинациясын белгілейді.
Жаңалықтар
0